Заманауи жаяу жүргінші өткелдері

Байгелова Алтынай Шарипуллиевна

Преподаватель специальных дисциплин, магистр

Западно-Казахстанский инженерно-технологический колледж

Зебра –жүргіншілерге автокөлік жолын қауіпсіз кесіп өтуге арналған жаяу жүргінші өткелі. Ала сызықпен белгіленетін жаяу жүргінші аймағы қазіргі таңда ғаламшарымыздың әр тұрғынына аян.  Бұл мақалада сіздер, заманауи қауіпсіздігі жоғары жаяу жүргінші өткелдерімен таныс боласыздар.

Кез келген жүргізуші тәуліктің қараңғы мезгілінде, жаяу жүргінші өткелінің қай жерде екенін анықтау қиын екендігін жақсы біледі. Жаяу жүргінші автокөлікке жол беруге мінделеттін жағдайларды саусақпен санап айтуға болады. Осындай жағдайлардың алдын-алу үшін жаяу жүргінші өткелі ойластырылған.  Жаяу жүргінші өткеліне жақындаған адам жан-жағына мұқият қарауы міндетті, қажет болған жағдайда көлік құралын өткізіп жіберуі немесе оның тоқтағанын күтуі керек. Тек осыдан кейін ғана жаяу жүргінші жолды кесіп өте алады. Ал көктайғақ немесе тәуліктің қараңғы мезгілінде  барынша абай болуға міндетті.

         Жаңа технологиялар адамдарды ЖКО-нан сақтауға арналған. Заманауи жаяу жүргінші өткелдерінің түрлері :

      жай жаяу жүргінші өткелі;

      резеңкелі жаяу жүргінші өткелі;

      интеллектуалды жаяу жүргінші өткелі;

      «жасанды кедір-бұдырлық»;

      шулы жолақ.

 

Жай жаяу жүргінші өткелі

Жаяу жүргінші өткелі «жаяу жүргінші» белгісі мен «зебра» жол таңбасымен белгіленеді. Заманауи түрлері өту аймағының қосымша түске боялуымен ерекшеленуі мүмкін.

 

 

 

 

 

Резеңкелі жаяу жүргінші өткелі

 

Резеңкелі жаяу жүргінші өткелін механикалық үйкеліске, күн сәулесінің әсеріне, түрлі тұздар мен майларға, көк тайғақ пен қатты аяздарға төзімділігінің жоғары көрсеткіштерімен сипатталатын төзімді, жоғары сапалы резеңкеден жасайды. Бұл жабын жол төсемінен сәл жоғары болады, бұл жаяу жүргінші өткелі мен жүргін бөліктің шекарасын анық бөліп тұрады. Тәжірибелерге сүйенсек, жау жүргіншінің бұл түрі дәстүрлі өткелмен салыстырғанда тиімді болып саналады.

 

Интеллектуалды жаяу жүргінші өткелі

Интеллектуалды жаяу жүргінші өткелі жанына адам, яғни  жаяу жүргінші жақындаған кезде өзінің жарықтық дабылын қосады.Тәуліктің жарық мезгілінде адамдар өткелге жақындаған кезде, датчик оларды есепке алады, содан кейін белгінің жарығы жанып Т7 бағдаршамы іске қосылады. Датчик істен шыққан жағдайда бағдаршамның іске қосылуы үшін арнайы қосымша батырманы басу қажет. Қосымша орнатылған фонарьлар , тәуліктің қараңғы мезгілінде іске қосылып, жаяу жүргіншіге жарық түсіреді. Фонарь жаяу жүргінші өткелін бойлай жоғары тұсында орналасады. Келесі аймақ сигнал алады да дәл сондай фонарьлар іске қосылады. Өткелдің үстінен түскен жарықты байқамау мүмкін емес, бұл дегеніміз жүргізуші сақ болады деген сөз. Фонарьлар жаяу жүргінші жүргін бөлікті өткеннен кейін 30секундттан соң ғана сөнеді.

         Егер жолдағы қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асыратын жүйе автономды болса, ол күн сәулесінің энергиясын  пайдаланады. Қажет болған жағдайда жарықтың әсер ету уақытын  келтіруге болады. Жарығы бар белгіні бекіту электрлі бағаналарды және жолды толықтай бақылау жүйесі Г-тәріздес берік орын ауыстырғышты қолданумен жүзеге асады.  Жаяу жүргінші өткелінің бұндай құрылғысы барлық жүйені қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді (дистанционды). Жолдағы қозғалысты бақылайтын сыртқы элементтері тіпті төмен градуста да пайдалануға мүмкіндік береді (-50 градусқа дейін). Ал қалған құрылғы арнайы жәшіктен жылу алады.

 

Шулы жолақ

 

         Шулы жолақ жаяу жүргінші өткелдеріне, реттелмейтін автомагистральдарға шығар жерлерде, теміржол өткелдеріне жақын маңдарға орнатылады.

 

 

 

 

Жасанды кедір-бұдырлық

 

«Жасанды кедір-бұдырлық», шулы жолақ секілді жол қауіпсіздігін арттырудың қосымша техникалық құралына жатады. Бұл автокөліктің жылдамдығын төмендету үшін  орнатылады. Тарту обектілері көп аймақтардағы жаяу жүргінші өткелдерінің тұсына қойылады