Терроризм және қоғамдық қауіпсіздік

Койгельдиева Адема Дариякуловна 

Тарих пәнінің оқытушысы 

Талғар политехникалық колледжі

 

МАҚСАТЫ: Жас ұрпаққа экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру. Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын жүргізу. Студенттердің бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Цель: Воспитать чувство толерантности, философское и критическое отношение к окружающей действительности, способствовать духовному совершенствованию и самореализации, укрепить чувство патриотизма.

 
1-жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті қонақтар, колледжіміздің оқытушылары мен студенттері! «Терроризм және қоғамдық қауіпсіздік» атты мәдени іс-шараға қош келдіңіздер.

2-ведущии: Добрый день уважаемые гости, учителя и студенты нашего колледжа.  Наше мероприятия сегодня посвящена проблеме, которая угрожает всему мировому сообществу – это терроризм и экстремизм.

1-жүргізуші: – «Қазақстан»- деген жалғыз ауыз сөздің құдыреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл –біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамдас бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата –бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.

 

 

 

Қазіргі гүлденген Қазақстан – тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық келісім мен орнықты саяси жағдайы қалыптасқан көп ұлтты және көп конфессиялы ел болып табылады. Еліміз өзінің алдына қойған мақсаты үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық қадам басуда. Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз білеміз. Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Солардың бірі көпшіліктің санасына әсер ету. Елімізге 90 жылдардың бас кезінде бізге жат “Терроризм, экстремизм” деген сөздер ене бастады. Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге енді? Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси – әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр – түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда.

2-ведущий:-Да, это наш Казахстан! Сегодня Казахстан – это процветающая страна, которая экономические успехи страны признаны всем миром. 
Республика уверенно и стабильно движется к поставленной цели: войти в число самых развитых стран мира. Казахстан стал играть заметную роль на международной арене, став одним из центров политической жизни Евразии. Понятно, что этот факт не может не беспокоить ряд стран, претендующих на влияние в этом регионе. Для того, чтобы ослабить государство, есть много рычагов. В первую очередь – влияние на массовое сознание. Некоторое время назад в наш лексикон плотно вошли такие страшные слова как «терроризм» и «экстремизм». 

1-жүргізуші:  -Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым – қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.

Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

2-ведущий:-Человечество всегда воевало. За последние пять тысяч лет зафиксировано около 15 000 больших и малых войн, в которых погибло несколько миллиардов человек. 70 лет назад отгремели бои Великой Отечественной войны. Дожимая фашистов, наши отцы и деды мечтали и свято верили, что после победы на планете не будет больше войн и наступит удивительное время всеобщего братства. Победа была одержана, но всеобщий мир так и не наступил. Продолжаются локальные войны, военные конфликты, связанные с религиозными, территориальными и национальными спорами. В нашу, казалось бы, мирную жизнь все настойчивей вторгается такое зловещее явление, как терроризм. Терроризм — это тоже война. И от него не застрахован никто. В том числе и мы. Радикальные группировки становятся все более активными. Официальные власти и духовные лидеры мировых конфессий в открытую объявили войну всем экстремистским организациям, пропагандирующим национальную рознь и угрожающим межэтническому согласию в нашей республике. 


1-жүргізуші:  -Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

2-ведущий:-Одним из самых распространенных видов экстремизма является религиозный экстремизм. В последнее десятилетие этот термин употребляется все шире, под ним понимается агрессия, исходящая от религии. Однако этот термин концептуально противоречив: религия по своей сути не может нести агрессию, ни одна истинная религия не призывает к насилию и не оправдывает терракты. Экстремисты и террористы лишь прикрываются религиозными лозунгами. А на самом деле преследуются политические цели. Экстремисты добиваются захвата власти, создают атмосферу страха и бессилия. 
Сегодня во всём мире  стоит проблема формирования  духовно – нравственного, толерантного человека, способного понимать многообразие мировоззренческий позиций, их исторических основ и культурных традиций. Эти качества особенно важны для вас –  подрастающего поколения, проживающего в многоконфессиональном государстве.

 

1-жүргізуші:  -Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде – кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.

2-ведущий:-Терроризм, а также его последствия являются одной из основных и наиболее основных проблем, с которыми сталкивается современный мир. Это явление в той или иной степени касается как развитых обществ, так и развивающихся государств. Реалией настоящего времени является тот факт, что терроризм все больше угрожает безопасности большинства стран, влечет за собой огромные политические, экономические и моральные потери. Его жертвами может стать любая страна, любой человек.

 

1-жүргізуші:  -Енді біздің мақсатымызда осы жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру. Олай болса біздің мына отырған жастарымызға өз ақыл кеңесін айта отырсын деп сөз кезегін ………………………………………..  мешітінің имамы —————-              береміз,
2-ведущий:-
Выступление гостей: имама Талгарской                районной мечети

Жүргізуші: Қорытынды сөз кезегі Талғар политехникалық колледжінің директоры Кибекбаев Жұмағали Тұрсынұлына беріледі.

2-ведущий:- Слова предостовляется директору Талгарского политехнического колледжа  Кибекбаеву Жумагали Турсуновичу.

Жүргізуші:– Бүгінгі «Терроризм және қоғамдық қауіпсіздік» атты іс-шараны Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.

«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»

2-ведущий:- «Дитя человеческое не рождается на свет разумным. Только слушая, созерцая, пробуя все на ощупь и на вкус, оно начинает познавать разницу между хорошим и плохим. Чем больше видит и слышит дитя, тем больше узнает. Многое можно усвоить, внимая словам разумных людей. Недостаточно обладать разумом — только слушая и запоминая наставления знающих, избегая пороков, можно стать полноценным человеком»

Таким образом, все, о чем мы сегодня говорили, не может оставить нас равнодушными. Мы еще раз убедились в том, что экстремизм – это жестокость, основанная на ненависти и злобе, а порой и глупости, подчиненной слепой вере. 

Жүргізуші:– Құрметті қонақтар бүгін колледжімізге келіп өз ойларыңызды ортаға салып ақыл – кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет, алланың нұры жаусын келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

2-ведущий:- На этом мы зоканчиваем наш воспитательную мероприятию. Спосибо за внимание.