MS Word мәтіндік редакторы туралы жалпы түсінік

Рысаева Жансая Сагатбековна

Преподаватель

КГКП “Алматинский колледж пассажирского транспорта и технологий”

Сабақтың мақсаты:

1.білімділік: Білім алушыларға терең MS Word мәтіндік редакторын ұғындырып, осы бағдарламаны толық меңгерту, оқушының білім деңгейін анықтай отырып, белсенділікке баулу, жаңа ақпарат пен бұрынғы білімді ұштастыру, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.

2.дамытушылық: Білім алушының ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту

3.тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу мәдениеттілігін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қоршаған әлемдегі ақпараттарды біліммен ұштастыру, өз бетінше білім алуға, топпен бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру, оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

а)оқу көрнекілік құралдар кітап, таблицалар, Интерактивті тақта, компьютер, таратпа материалдар, жетон, презентация-слайдтар.

б)үлестірмелі материалдар;

в)  видеоролик

Сабақ хронокартасы

Сабақ кезеңдері

уақыты

Мазмұны

1

Ұйымдастырушылық кезең

5 мин

Сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2

Өткен тақырыпты қайталау

10 мин

 

3

Жаңа тақырыпты меңгеру

40 мин

 

4

Жаңа материалды бекіту

20 мин

 

5

Сабақ қорытындысы

10 мин

Жаңа тақырыпты қорытындылау, бағалау

6

Үй тапсырмасы

5 мин

 

 

Өз бетінше жұмыс: дербес компьютерде мәтін теру

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Білім алушыларды түгендеу:

б)Сабаққа дайындығын тексеру:

с) Шаттық шеңбері. Жақсы тілек тілеңіз. Әр білім алушы өзін үш сөзбен сипаттайды.

д) Топқа бөліну. Білім алушыларды 4 топқа сурет қиындыларын жинау арқылы бөлінеді.

2. Білім алушылардың  біліктілігі мен дағдысын тексеру:

 Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Ыстық орындық» әдісін пайдаланылады. Әр топтан бір білім алушы шығады және оған басқа топтың білім алушылары сұрақ қояды.

а) Қандай қауіпсіздік талаптарын білесің? 
б) Антивирус дегеніміз не?

в) Қандай түрлерін білеміз?

г) Архив, архивтеу дегеніміз не?

д) WINZIP, WinRAR нені білдіреді?

е) Вирустар қалай таралады?

ж) Вирустар қайдан  пайда болады?

и) Олардан қалай қорғанамыз?

3.Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

Оқытушы ең алдымен тақыпрыптың мақсатын айтады, кейін кіріспе ретінде жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіреді. 

Әдіс – шолу лекциясы.

Microsoft Office Word – компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.

Microsoft –фирманың аты, оны 1975 жылы Билл Гейтс құрды. Алғашқы программаны 13 жасында жазған. Офистік бағдарламалар жазады. Word–ты қазақ тілінен аударғанда “сөз” дегенді білдіреді. 

Ms word-та жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы Ms word деген не екенін, Ms word терезесінің құрылымын, мәтіндік құжаттың құрылымын, негізгі құралдар үстелдерінің міндеттерін, құжат жасау және онымен жұмыс істеу тәсілдерін құжаттар жасай алуы, суреттер, жиектер, бояу тәсілдерін меңгеруі, суреттерді кірістіріп, оларды өңдей алуы,құжаттарды басып шығара алуы тиіс

Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге,қарап шығуға,түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы. Басқаша айтар болсақ,  Microsoft Word – бұл мәтіндерді енгізуге,түзетуге,пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдалама мәтіндік құжатқа суреттерді,диаграммаларды, кестелерді кірістіруге,орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске қосу үшін:

ПУСК-Все программы-Microsoft Office- Microsoft Word

Оқытушы сөзі: Microsoft –фирманың аты, оны 1975 жылы Билл Гейтс құрды. Алғашқы программаны 13 жасында жазған. Офистік бағдарламалар жазады. Word–ты қазақ тілінен аударғанда “сөз” дегенді білдіреді. 

Қолдану.     Топтық жұмыс

І. Тапсырма: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізде үш тұғырлы тілдің дамуына баса назар аударылып отырғандығын баршамыз білеміз. Сондықтанда осы мәтінді үш тілде жазып шығуларыңыз қажет. Мәтіннің атауы “Менің туған жерім Қазақстан”. Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп пішімдеңіздер.

Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің көлемі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен ендігі халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.

 

Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации. Казахстан рассположена на Евразийском материке.

 

My native land is Kazakstan. The land of Kazakstan is lange. Kazakstan is the langest country in the world. In Kazakstan there are 100 nations and nationalities. Kazakstan is situated in the continent of Eurasia.

 

Әр топқа Ребус, сөз жұмбақ шешуге беріледі:

1.         Тінтуірдің ағылшын тілінде аталуы?

2.         Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?

3.         Ағылшын тілінде сөз не деп аталады?

4.         Үй ағылшын тілінде қалай аталады?

5.         Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?

6.         Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?

 

Сергіту сәті: Тренинг өткізу    

«Мен қандаймын»

Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын анықтауышты қосады. Мысалы, Болат-белсенді, Алма-ақылды т.б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.

 

Талдау тапсырмасы.

2- тапсырма. «Word» сөзін негізге ала отырып, алынған ақпаратты балық қаңқасына түсір.

 

Бағалау. Білім алушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

 

 

4.Жана материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру. Жаңа тақырыпты «тұжырымдамалық карта»  әдісі арқылы қорытындылайды.

 

 

 

5Сабақтың қорытындысы

Рефлексия. Білім алушылар «Рефлексия пирамидасын» негізге ала отырып өз істерінен мәнін түсінеді, өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беріп, сабақ бойы алған білімдерін қорытындылайды.

 

 

 

Бағалау. Сабақтың түрлі кезеңдерінде білім алушылардың жұмыстары «Бас бармақ», «Смайликтер» және бағалау критерийлері арқылы бағаланып отырады. Қорытынды баға бес балдық бағалау жүйесіне негізделеді.    

Үй тапсырмасы

1.         MS Word  мәтіндік редакторына тест құрап жазып келу.

 

2.         MS Word  үзінділерін оқып келу.