Менің мектебім

Сафарова Сания Мавлетовна

Учитель казахского языка

2 сынып

Күні:

Мектеп: Саумалкөл №1 орта мектебі

Мұғалім: Сафарова Сания Мавлетовна

Сабақ тақырыбы:

Менің мектебім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.1.5.1 мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған тыңдау-көру материалдары бойынша сөз тіркестерін жазу

2.2.2.1 иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар кою және жауап беру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Көбі: оқиғаларды түсінеді, сұрақтар қояды және сипаттайды.

Кейбірі: сюжетті сүрет негізінге өз ойын айтады

Күтілетін нәтиже

Мектебі жайлы айтады, мәтін арқылы көмекші сөздерді меңгереді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Сүреттер, үлестірме карточкалар, смайликтер

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, салыстыру, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ойлан, тап!» стратегиясы

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге «шаттық шеңберін» құрады.

       Жарық болса күніміз.

      Жарқын шығар үніміз.

      Елін сүйіп ержетер

      Біз болашақтың гүліміз!

Оқушылар ортаға шеңбер құрып, мұғаліммен бірге әнді айтады.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім «Ойлан, тап!» стратегиясы бойынша алдын-ала тірек сөздерді тақтаға жазып қояды. Оқушылар тірек сөздермен байланысты негізгі сөзді тапқаннан кейін бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.

Тірек сөздерді қолдану арқылы тақырыпқа қатысты негізгі сөзді табады.

ІІ. Мағынаны тану

1 тапсырма. Оқылым. Карточкалармен жұмыс.

Балалар мәтінді оқиды, тапсырмаларды орындайды.

 Мен мектепке келдім. Бүгін бізде бес сабақ болады. Бірінші сабақ – ағылшын тілі. Бұл сабақта біз ағылшынша сөздерді оқып, сөйлемдер құрастырамыз. Топта  қызықты сұрақтар қоямыз. Дәптерге сөйлемдер жазамыз. Ағылшын тілі – менің сүйікті пәнім. Маған қазақ тілі және орыс тілі пәндері де ұнайды. Көп тіл білген жақсы! Ол жақсы сөйлеуге көмектеседі. Мен бұл пәндерді сүйіп оқимын.

1) Мәтінде қай пән туралы айтылмайды?

А) қазақ тілі

В) орыс тілі

С) неміс тілі 

D) ағылшын тілі

2) Балаға не ұнайды?

А) тілдерді үйрену

В) есеп шығару

С) сөздер жазу

D) сурет салу

Мәтінге сәйкес келетін 2 суретті тауып, белгілейді.

 

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және  сәйкес суретті  анықтайды

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

– бірінші сұраққа;

– екінші сұраққа;

1

1

мәтіннің мазмұнына сәйкес суреттерді анықтайды:

– бірінші суретті;

– екінші суретті;

1

1

Барлығы

4

 

Оқылым. Мәтенді оқиды, тапсырмаларды орындайды.

 

Тапсырма. Жазылым. Карточкалармен жұмыс.

 Қажетті сөздерді қолданып сөйлемді толықтырып жазады.

 Мен _______________________________толтырамын .            а) өшіргіш;    ә) күнделік;   б) қаламсауыт.

Мен мектепке ___________________________апарамын            а) ойыншық;     ә) кітап ;    б) қуыршақ

Мен мектепке _________________________апармаймын.            а) қалам;      ә) ұштағыш;    б) мысық.

Мен қаламсауытқа _________________________саламын.      

            а) кітап;     ә) қуыршақ;      б) өшіргіш.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қажетті сөздермен сөйлемді толықтырып жазады.

сөйлемді торықтырып жазады:

       бірінші сөйлем;

       екінші сөйлем;

        үшінші сөйлем;

       төртінші сөйлем.

 

1

1

1

1

Барлығы

4

 

Жазылым. Қажетті сөздерді қолданып сөйлемді толықтырып жазады.

3 тапсырма. Айтылым. Интерактивті тақтада берілген сөздерді қолданып не істейтіндерін айтады.

жазамын

өшіремін

саламын

толтырамын

оқимын

ұштаймын

сурет саламын

ойнаймын

 

Айтылым.  Бірілген сөздермен не істейтінің айтады.

4 тапсырма. Жазылым. Карточкалармен жұмыс.

Суретке қара, сөйлемді толықтырып жаз.

 

 

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Суретке қарап, сөйлемді дұрыс толықтырып жазады.

сөйлемді торықтырып жазады:

       бірінші сөйлем;

       екінші сөйлем;

        үшінші сөйлем;

 

1

1

1

Барлығы

3

 

Жазылым. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады.

5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылармен бірге жаттығу жасайды.

 

Жаттығу жасайды.

6.  Тапсырма. Айтылым. Интерактивті тақтада берілген торкөздердігі сөздерді айтады. Сызба бойынша жасырынған сөзді табады.

 

Айтылым. Торкөздердегі сөздерді тауып айтады.

ІІІ. Ойтолғаныс

7 тапсырма. Айтылым. Интерективті тақтадағы сөздерді пайдаланып сөмкеге не салатының айтады.

 

Айтылым. Сөздерді пайдаланып сөмкеге не салатының айтады.

 

ІV. Бекіту

8 тапсырма. Топпен жұмыс. Жазылым. «Кім жылдам!» ойыны. Берілген сөздерден сөйлем құрап, жазады. Кім тез әрі дұрыс құраса, сол топ жеңілпаз атанады.

Мектеп, үйдің, жақын, дүкенге, жасыл дәптер, жанында, менің,  барамын, біз, сатып аламын, мен, ойнаймыз , үйім, алыс, үзілісте, мектептің.

 

Жазылым. Берілген сөздердер сөйлем құрастырады. Ойынның шарттарын орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Оқушылар берілген смаилдар арқылы өз-өзін бағалайды.

Смаил көрсетеді

VІ. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 108 бет 3 тапсырма

Күделікке үй жұмысын жазады

VІІ. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.

 

 

 

 

 

Сабақ жақсы өтті.

Маған қийын болған жоқ.

Мен өз жұмысыма ризамын.

Мен сабақтын тақырыбын түсіндім

Сабақ жақсы өтті.

Маған жеңіл болмады.

Мен өз жұмысыма ризамын.

Мен қайталауым керек.

Сабақ жаман өтті.

Маған өте қыйын болды.

Мен өз жұмысыма риза емеспін.

Маған көмек керек.

 

Оқушылар сабақтан алған әселерін желімқағаздарға (стикерлерге) жазып, тақтаға іледі.