КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Алменбетов Арман Хайруллаұлы

Преподаватель специальных дисциплин, магистр

Индустриально-технический колледж

 

Ел экономикасының қарыштап дамуы әрине бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, озық тәжірибелермен қаруланған мамандардың қолында. Шымкент  индустриалды-техникалық колледжі осы мақсатта еңбек нарығында сұранысқа ие, әлеуметтік және кәсіптік бейімділігі жоғары кадрларды дайындауда мұнан әрі нәтижелі жұмыс жасамақ.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігіне айрықша назар аударды. Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастары­мыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, техноло­гияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамта­масыз етуіміз керек… Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Қазақстанның әлемдегі да­мыған 30 елдің қатарына кіруі үшін нақты мақсаттар жүктеді. Алдымен жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру қажеттігін басты мін­дет ретінде белгіледі. Ендеше, бұл ба­ғытта қандай іс-шаралар қолға алынып жа­тыр? Жетістігіміз қайсы, кемшілігіміз неде? Кәсіптік-техникалық білім беру сала­сына, яғни колледждерге айрықша маңыз берілу себебі, кәсіпорындардың сұра­нысына ие жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрлар арнайы дайын­да­лады. Олардың арасында құрылыс, тау-кен технологиясы, темір жол, байланыс, көлік және коммуни­кация мамандарын әзірлейтіндер бар. Бұл – өмір жолын жаңа бастаған жастардың белгілі бір мамандық иесі атануы үшін игілікті іс атқарылып жатқанының дәлелі. Бір құптарлығы, кәсіптік білім беру мекемелерінде білім беру ісі бизнес пен жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүргізілуде.

Елбасы­ның арнайы тапсырмасымен қайта құрыла бастаған әлемдік деңгейдегі колледждер техникалық және кәсіптік білімді бас­қа­рудың жаңа жүйесін қалыптастырса, кә­сіптік лицейлерді әлемдік тәжірибеге сәй­кес колледжге айналдыру жұ­мыстары да толық жүзеге асы­рылды. Мысалы, алып мегаполис Алматыдағы лицейлердің бар­лы­ғы бүгінде колледж мәртебесін алды. Мұ­ның өзі оқушы-жастардың сапалы білім алып, талапқа сай білікті маман атануына кең жол ашады.

 Бұл – арнаулы білім орда­ларына мемлекет тарапынан жасалып отырған орасан зор қам­қорлық. Дегенмен колледждердің білім беру деңгейін барынша арттыру мәселесі әлі де жақсарта түсуді талап етеді.

Осы орайда Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Кәсіптік-техни­ка­лық білім берудің озық меке­ме­лерінің желісі дамып келеді. Олардың тә­жірибесін бүкілқазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру ме­кемелерін со­лардың деңгейіне тарту қа­жет» деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы­ның осы ба­ғыттағы идея-бастамаларын негізге ала оты­рып, Үкімет «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағ­дарламасын қабылдады. Маңызы зор бұл бағдарлама­ның басты мақсаты – жастарға қолдау көрсету. Өзекті мәселені жүзеге асы­рудың нәтижесінде, жастар арасын­дағы жұмыс­сыздық проблемасы оңды ше­шіліп, сауатты һәм білікті жұмысшыларды дайындау жолға қойылмақ. «Мәңгілік ел жастары –индустрияға» мемлекеттік бағ­дарламасын жүзеге асыру барысында 23 кол­ледж үшін 35 мамандық бойынша 1000 грант бөлінді. Жылдағыдан бір ерек­шелігі, ҰБТ кезінде межелі 50 балды жи­най алмаған мектеп бі­ті­рушілер өздері таң­даған колледжге түсіп, мемлекеттік грант иеленуіне мүм­кіндік бар.