ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Ахмет Байтұрсынов

Самылтырова Айгүл Жақаншақызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

«№20 орта мектеп» ММ

 

Астана қаласы

Білімділігі: XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу. XX ғасыр басындағы ақын жазушылардың өмірі, соның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылығы: Тілдік қорын, ақыл ойын дамыту, дүниетанымын кеңейту. Өз беттерімен ойлану, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету. Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру,топта белсенділік көрсетуге бағыттау жұмыстарын дамыту. 

Тәрбиелілігі: Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, елін, жерін, Отанын сүюге баулу.

 

Әдістері: топтық жұмыс, зерттеу,салыстыру,пікір айту
Пәнаралық байланыс: Тарих, география,қазақ тілі, орыс әдебиеті  

Көрнекілігі: слайд, тірек сызбалар, бейнебаян

Әдебиет:

Негізгі   Р. Бердібай., Р. Нұрғали., Б. Ыбырайым «Қазақ әдебиеті» 11- сынып

Тұрсынғалиева С.Ч., Ташикова А.Ж. «Қазақ әдебиеті» 10-сынып

Қосымша   Кәрібаева Б. «Қазіргі қазақ әдебиетінің даму арналары»

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

I

Ұйымдастыру кезеңі

           Амандасу

          Білім алушылардың қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру

1  мин

II

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

Бүгін біз XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу. XX ғасыр басындағы ақын, жазушылардың өмірі, соның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен танысамыз.

Топ 2-ге бөлінеді: 1- «Қырық мысал»,

 2- «Маса»

 1 мин

III

Жүйелі түрде білім сапасын бақылау (қайталау)

1-    топ «Қырық мысал» тапсырмалары:

Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы

2-    топ «Маса» тапсырмалары:

Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы

(жобаларын қорғау)

(вен диаграммасы, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын анықтау) Пысықтау сұрақтары:

1.     Сал – сері деп кімдерді айтамыз?

2.     Сал мен серінің қандай айырмашылығы бар ?

3.     Сал-серілердің бойындағы қасиеттер.

15 мин

IV

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сұрақтар:

1.     Алаш партиясы туралы не білесіңдер?

2.     Алаш партиясының белсенді мүшелері кімдер?

3.     «Алашорда» бейнефильм (3 мин 6 сек)

Мұғалімнің түсіндірмесі.

XX ғасыр әдебиеті туралы түсінік.

XX ғасыр басындағы әдебиеттің дамуына қазақтың бай ауыз әдебиеті үлгілері, жыраулардың жалынды жырлары, сондай-ақ XIX ғасырдағы халық ақындары шығармалары игі әсер еткені сөзсіз. Бұл кездегі әдебиеттің жаңа бағыт, тың серпін алуына ұлы Абай дәстүрінің ықпалы ерекше болды. Абайдан кейінгі ақындардың оған өлең арнап, өз ұстазы тұтуы да сол себеп болса керек.

XX ғасырдың басындағы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев,  Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәңгерей Бөкееев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Мұхтар Әуезов т.б ақын жазушылардың шығармалары әдебиетіміздің сол кездегі дамуын көрсете алады.

Сұрақтар:

1.     Ахмет Байтұрсынов туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

 

2.     Қандай шығармалары бар?

 

 «Ахмет Байтұрсынов» бейнефильм көрсету. (2мин, 6 сек)

1-слайд (Өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру)

         Ұлттың ұлы ұстазы

          Ағартушы-ұстаз

          Тілші-ғалым

          Аудармашы

          Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

         Ахмет Байтұрсынов өз халқын сүйген патриот адам

Ақын шығармашылығына тоқталу (өлеңдер жинағы, басылымдары, ағартушылығы туралы айтып өту)

 2-слайд

Шығармашылық мұрасы.

         Әліппе

         “Сауат ашар”

         “Оқу құрал”

         “Әдебиеттанытқыш”

         “Қырық мысал”

         “Маса”- төл тума және аудармалар.

20мин

V

Өзіндік жұмыс

1.     «Оқуға шақыру» өлеңін тыңдату.

(01 мин, 4 сек)

2.     40 мысал жинағына тоқталу, «Аққу шортан һәм шаян» өлеңін тыңдату.

   (01 мин 9 сек)

Өлеңдерінің негізгі тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?

Жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау. Хронологиялық кестемен жұмыс.

5 мин

VI

Сабақ қорытындысы

Сабақты бекіту тапсырмалары:

Топтастыру әдісі арқылы жұмыс жүргізу.

Ақынның тұлғасы мен шығармашылығы бойынша жұмыстар

Түсінік бере отырып,  сұрақтарға жауап беру, бағалау.

2 мин

VII

Үй тапсырмасы

3-21 беттерді оқу.

Ақынның шығармашылығыннан бір өлең жаттау

1 мин