Грам теріс коктар: менингококк және гонококк

Байсбаева Гульнур Сарсенбаевна

Микробиология пән оқытушысы

ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК

 

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

·         Ақпараттық оқыту технологиясы

·         Интерактивті технология

·         Кәсіптік бағдар беру  технологиясы

·         Бақылау, бағалау.

 

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

·         Түсіндіру

·         Сұхбаттасу

·         Ой-тастау

·         Жалпылама сұрау

·         Бақылау

·         Ынталандыру

·         Практикалық жұмыс

·         Конспектілеу

·         Көрнекі құралдарды қолдану арқылы түсіндіру

·         Кейсиллюстрация

·         Өзіндік жұмыс

·         Пысықтау.

 

Сабақтың мақсаты:

      Білімділік:

  • Грам теріс коктар. Патогенді нейссериялар- создың және менингококті жұқпалардың қоздырғыштары, олардың жалпы сипаттамасы.
  • Гонококк, оның морфологиялық, дақылдық, ферментативтік, антигендік қасиеттері, токсин түзу сипаты. Создың эпидемиологиясы, патогенезді, клиникасы, зертханалық диагностикасы  алдын алу  және емдеу.
  • Менингококк Neisseria menengitidis, оның биологиялық ерекшеліктері: морфологиялық, дақылдық, ферментативтік, токсин түзушілік.
  • Менингококтық жұқпаның эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, зертханалық диагностикасы, алдын алу мен емдеу.

Дамытушылық:

  • Грамм теріс кокктар тудыратын аурулардан материал алу және ауруға қарсы шараларды жүргізуді игеру қабілетін дамыту;
  • Студенттердің логикалық ой-өрісін дамыту;
  • Студенттерді өздігінен ізденуге бағыт бере отырып, ғылыми ізденісін

      қалыптастыру;

  • Студенттердің дербес пікірін қалыптастыра отырып, кәсіби қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:

  • Студенттерді деонтология ережелерін сақтауға үйрету;
  • Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру

           шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

  • Өз ойларын тиянақты айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды меңгеріп,      

           қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

  • Адамгершілікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, шеберлікке, сабырлыққа

           тәрбиелеу;

  • Студенттерді мамандығына деген қызығушылығын арттыру;
  • Студенттерді өз ойларын тиянақты айту;
  • Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған

          білімдерін нығайту;

·         Алынған мәліметтерді талдай алуға және тәжірибеде қолдана білуге;

 

·         Интернет сайттарымен және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу;

Сабақ конспекті

 

  1. Патогенді нейссериялар, жалпы сипаттамасы.

Таза түрінде бірінші болып Вексельбаум 1887 жылы алған.

Морфологиясы және биологиялық қасиеттері. Нейссерия тобына жатады, диплококк, бұршақ тәрізді, кофе дәндері сияқты орналасады, пішіндері 0,6-0,8 мкм. , грам теріс, спора түзбейді, талшықтары жоқ.

 Адам ағзасында нәзік капсула түзеді. Аэроб, қарапайым  орталарда өспейді, таза түрін бөлу арнайы құрамында сарысу, қан, жұмыртқа белогы қосылған орталар қолданылады. Оптималды температура 37 С, сарысулы агарда колониялары ұсақ, диаметрі 1,5-1 мм, нәзік, жартылай мөлдір,  шеттері тегіс,  көгілдір түсті.

Менингококк экзотоксин бөлмейді, бөлінетін эндотоксин теңіз шошқаларына енгізілгенде 24-48 сағаттан кейін өлімге алып келеді.

Төзімділігі. Сыртқы ортада төзімсіз, 55 С температурада 3-5 минутта жойылады. Төмен температура және кептіруге  төзімсіз, сондықтан лабораторияға жылы күйінде жедел жеткізіледі. Карбол қышқылы (1%), 0,1% сулема ерітіндісі әсер еткенде бір минутта жойылады.

Антигендік құрылымы: 3 антигендік фракциясы және 4 түрі анықталған.

Патогенез және клиника. Жұтқыншақтың мұрын бөлігінің шырышты қабығына түскеннен кейін менингококк лимфа және қан тамырларымен “бас ми және жұлын қабықтарына еніп, олардың іріңді қабынуына алып келеді. Эпидемиялық менингит жедел басталады, инкубация кезеңі- 2-4 күн, аурудың белгілеріне жоғары температура, қатты бас ауру, құсу, бұлшық еттерінің тартылуы және басқа белгілер жатады.

            Иммунитет. Адамда табиғи тума менингококқа қарсы иммунитет бар, сондықтан ауру 200 бактериотасымалдаушылардың арасынан тек біреуі ғана ауырады.

            Микробиологиялық диагностика Менингитте ликвор бактериотасымалдаушылықты анықтау үшін жұтқыншақтан жағынды алынады. Микроскопиялық, микробиологиялық зерттеу жүргізіледі. 2-3 тамшы ликвор сарысулы агар ортасына егіледі.

            Эпидемиология. Жұқпа көзі болып науқастар және бактериотасымалдаушылар саналады. Ауру жиілігі қыс-күз айларында кездеседі. Әсіресе ауруға 3 жасқа дейінгі балалар сезімтал.

            Профилактика,емдеу. Профилактикалық шараларға ауруды уақытысында диагностикалау, науқастарды ауруханаға орналастыру, жұқпа ошағында карантин шараларын жүргізу жатады. Емдеу үшін антибиотиктер және сульфаниламидты препараттар қолданылады.

 

  1. Гонококктар, морфологиялық, дақылдық, ферменттік, антигендік, токсин түзу қасиеттері. Эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, зертханалық нақтамалануы, алдыналу және емдеу шаралары

       Бірінші болып 1879 жылы Нейссер ашқан.

Зәр шығару жолдарының шырышты қабаттарының қабынуына (гонорея) және нәрестелерде көз конъюнктивасының қабынуына (бленнорея) алып келеді.

            Морфология және биологиялық қасиеттері. Кофе дәндеріне ұқсас немесе бұршақ, тәрізді диплококктар, пішімдері 0,7-1,3 мкм, іріңде лейкоцит цитоплазмасында орналасады.

 Грам теріс, дәрілер әсерінен грам оң түрге айналуы мүмкін, спора түзбейді, талшықтары жоқ. Аэроб, қан, сарысу, белок қосылған қоректік орталарда өседі. Көбею үшін қоректік орталарда витаминдердің болуы қажет. Агарда колониялары ұсақ, сорпада пробирка түбіне шөгетін пленка түзеді. Клетка ыдырағанда эндотоксин болып шығарады.

            Төзімділігі. Сыртқы ортада төзімсіз, 40 С температурада 3-6 сағатта жойылады, суыққа төзімсіз, кептірілген іріңде 24 сағатқа дейін сақталады.

Пенициллин, стрептомицинге сезімтал, бірақ емдеу кезінде дәрілерге төзімділік тез дамиды.

            Патогенез және клиника. Гонореямен тек адам ауырады. Ауру зәр шығару кезінде ауырсынумен, іріңнің бөлінуімен, басқа белгілермен сипатталады. Кейбір жағдайларда қанмен әртүрлі мүшелерге, буындарға, жүрекке баруы мүмкін.

            Иммунитет. Гонококктарға табиғи иммунитет жоқ. Гонококк көбінесе лейкоциттерде сақталып, қайта ауруға алып келеді.

            Микробиологиялық диагностика. Жыныстық жолдары, зәр шығару жолдарынан ірің , бленнореяда көзден ірің зерттеуге алынады. Созылмалы гонореяда зерттеуге зәр алынады. Негізгі зерттеу әдісі    микробиологиялық.   

Созылмалы    түрінде микробиологиялық әдіс, серологиялық зерттеулер -( Борде-Жангу комплементті байлау реакциясы) жүргізіледі.

            Эпидемиология. Ауру көзі болып ауру адам саналады. Ауру жыныстық қарым-қатынас арқылы, жеке бас заттары арқылы жұғады.

            Профилактика   және   емдеу.   Алдын   алу   шараларына санитарлық   ағарту   жұмыстары,   науқастарды   уақытында анықтау,     емдеу     жатады.     Нәрестелерде     бленнорея профилактикасы үшін 2% азотқышқылды күміс 1-2 тамшы көзге тамыздырылады. Емінде негізгі препараттарға антибиотиктер ( пенициллин, стрептомицин) және сульфаниламидтер жатады. Аурудың созылмалы түрінде гоновакцина қолданылады.

 

 

 

Зерттеу материалынан сүртім дайындап, Грам-Синев әдісімен бояу;

Тақырып бойынша  білімін пысықтау :

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Микробиология және иммунологии негіздері:оқулық – М.:ГЭОТАР-Медиа. – 656 с. 2014г. Орта  медициналық мамандандырыған білім беруге арналған оқулық. 

2.Микробиология және иммунология. Тәжірибе: оқу құралы – М.: ГЭОТАР-Медиа. – 544 с. 2013г. Орта  медициналық мамандандырыған білім беруге арналған оқулық 

3.Лабинская А.С., Костюковой Н.Н., Ивановаой С.М. о медициналық микробиологияның жетекшілігімен  2010.

4.Борисов  Л.Б. Медициналық микробиология, вирусология, иммунология.  М. МИА., 2010.

5.Медициналық микробиология, вирусологияжәне иммунология:  2 т.: оқулық / ред.: В. В. Зверев, М. Н. Бойченко. – М. : ГЭОТАР-МедиаТ. 1. – М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010, 2011. – 448 б.

6.Медициналық микробиология, вирусологияжәне иммунология : 2 т.: оқулық / ред.: В. В. Зверев, М. Н. Бойченко. – М. : ГЭОТАР-Медиат. 2. – М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010, 2011. – 480 б.

7.Микробиология, вирусология және иммунология :оқулық / ред. В. Н. Царев. – М. :ГЭОТАР-Медиа, 2010. – 581 б.

Қосымша:

1.Арыкбаева У.Т., Алмагамбетов К.Х., Бисенова Н.М., Рахметова Н.Б., Асемова Г.Д., Койшебаева К.Б., Бисембаева С.К.,Калинина Н.В. «Микробиология, және вирусология» (жалпы бөлім) оқу құралы.-Астана 2005.

2.Арыкбаева У.Т., Алмагамбетов К.Х.,Бисенова Н.М.,Рахметова Н.Б.,Асемова Г.Д.,Байдуйсенова Э.О. «Микроорганизмдердің морфологиясы» оқу құралы-Астана 2005,2006.

3.Рамазанова Б.А.,Худайбергенұлы К. «Медициналық микробиология» оқулық.-Алматы.2010.

4.«Микробиология және вирусология»пәнінен электронды оқулық.А.Н.Қантарбаева,

К.А. Нуриллаева. 4-ші модуль. 2011ж.

5. «Микробиология және вирусология» пәнінен оқу әдістемелік құрал. Бабаханова Г.А. 2005ж. 64-70  беттер.

 

Интернет сайттары.

1  http://www.google.ru 

2 http://www.rkm.kz/ 

3 http://www.youtube.ru

4 http://www.medical.ru 

5 http://imv.nauka.kz/

 

6 http://www.spr.ua