«Достығымыз жарасқан» гиперактивті балалармен жұмыс жасауға арналған коррекциялық сабақтың жоспары

Құмаш Әйгерім Жумагелдіқызы

Педагог-психолог

TOO “Yu kids Island” Детский сад “Zhuldiz- Ardak”

.

Сабақтың түрі: топтық, ұзақтығы 20-25 минут

Сабақтың мақсаты: гиперактивті балаларға психологиялық көмек көрсету, зейіні мен қиялын дамыту, қозғалыс координациясын, эмоционалды-мәнерлі қозғалыстарды  қалыптастыру;

Міндеттері:

Білім беру: білім, білік, дағдыны  жетілдіру және дамыту, ережелерді ұстануды және өзгелердің жауаптарын тыңдап, толықтыруды үйрету; полилогтік және монологтік қарым-қатынасты жетілдіру.

Тәрбиелік: микротоппен жұмыс жасауға үйрету, жолдастық, бір-біріне   құрмет көрсету сезімін тәрбиелеу

Коррекциялық-дамытушы: толық, түсінікті, дәлелді жауап қатуды жетілдіру, балалардың когнитивті қабілеттерін дамыту ойындары арқылы  белсендендіру; жылдамдықты, эрудияцияны дамыту

Қолданылатын әдістер:

1)зейінді, қиялды дамытуға арналған ойындар

2)ерікті зейінді дамытуға арналған ойындар және тапсырмалар;

3)тыныс алу жаттығулары

4)релаксациялық әдістер

5)кері байланыс

Полилингвалды құрам: құм-песок-sand, жеміс-жидек-фрукты-fruit, көкөністер-овощи- produce, қол-рука-hand

Көрнекі құралдар: доп, қонжық, жеміс-жидектер мен көкөністердің мүсіндері, ноутбук.

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.Сәлемдесу

Мақсаты: психологиялық ортаны қалыптастыру

Балалар шеңбер жасап отырады, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы лебіздерін айтады, көңіл күйлерін құмға салады

Тыйым салынған жаттығу

Балалар шеңберге психологпен бірге тұрады.

Психолог: мен сендерге әртүрлі қимыл-қозғалыстарды көрсетемін, ал сендер тек біреуінен басқа барлығын қайталайсыңдар.

Психолог тыйым салынған қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, мәселен, бір орнында секіру, ал балалар оны қайталамауы тиіс.

Хайуанаттар бағы ойыны.  Балалар бізге қонаққа бүгін қонжық келіп қалды. Ол бізге хайуанаттар бағы ойынын ойнауға ұсыныс тастап отыр.

Психолог: балалар біз бұл ойынды қонжықпен бірге ойнаймыз ба?

Балалар: иә, иә!

Қонжық: ал енді түрлі жан-жануарлардың қимыл-қозғалыстарын бейнелеуге тырысыңдар. Мен бір рет шапалақтаған кезде, қоян секілді секіріңдер, екі рет шапалақтағанда аю секілді жүріңдер, ал үш рет шапалақтағанда бүркіт секілді қолдарынды жайындар.

Психолог. Ал балалар қонжыққа рахмет айтып, оны шағарып салыңдар.

Балалар: сау болыңдар, қонжық.

 

Көкөністер мен жеміс-жидектер ойыны. Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектерді бір-бірінен ажыратуға нұсқау беріледі.

 

Психолог: көкөністер мен жеміс-жидектердің дұрыс ажыратылуын қадағалау.

Логикалық тапсырма.

  Мақал – мәтелдер жасыру:

Сап-сары ала дөңгелек

Талда өседі дөңгелеп (лимон)

 

Бұтағында қазығы

Ортасында азығы (алма)

 

Жер астына түседі

Сап-сары боп өседі  (Сәбіз)

 

Сергіту сәті.  Бау-бақша және егістік. Бау-бақша дегенде аяқтарының ұшына тұрады, жеміс-жидектерді ағаш басынан алу үшін , егістік дегенде жерге отырады, көкөністерді жинайды.

 

 

Зейінді бол.

Балалар шеңберге психологпен бірге  тұрады. Психолог допты қолына алып, балалардың есімін атап лақтырады. Балалар өздерінің аттарын естіп, допты қағып алуы тиіс.

 

Алып жануар.

Психолог балалармен шеңберге тұрып, олардың қолдарынан ұстайды.

Психолог: өздеріңді бір үлкен, алып жануар ретінде елестетіңдер. Мен нұсқау берген кезде, барлығымыз алға қадам басып, дем аламыз, ал артқа қадам басып, демімізді шығарамыз.

 

Саусақтармен әңгімелесу.

Мақсаты: балалардың өз іс-әрекеттерін бақылауын қалыптастыру. Егер бала бұзықтық жасап, бір нәрсені сындырып, біреуді ренжітетін болса, онда оған бұл ойынды ұсынуға болады: бір ақ парақ қағазға алақаннның суретін  салып, оны жандандыруға болады: түрлі түсті қарындаштармен оған көз, ауыз салуға болады.  Балалардан сұраңыз:

 

“Сенің есімің кім?”, “Нені жасағанды жақсы көресіз?”. Егер бала бұл іс-әрекетке қосылмайтын болса, диалогты өзіңіз айтып шығыңыз. Саусақтардың жақсы  екендігін, көптеген істі жасай алатынын атап көрсетіңіз (не нәрсе екендігін) бірақ кей кездерде оны тыңдамай кететінін айтуды да естен шығармаңыз. Ойынды иесі мен қолдардың арасында келісім жасап аятау керек. Қолдар 2-3 күннің ішінде тек жақсы істер істеуге уәде береді: амандасу, шеберлік таныту, ешкімді ренжітпеу.

Біраз уақыт өткеннен кейін бұл ойынды қайталап, келісімнің мерзімін ұзақ уақытқа дейін ұзарту керек.

Дидактикалық ойын. Не дұрыс емес. Үлестірмелі сурет тарату. Бір бүтін суретті құрастыру.

Жеміс-жидектердің пайдасы туралы ақпарат беру. Видео көрсету.

 

Қорытынды: Балалар шеңбер жасап жерге отырады. Психолог допты балаларға бере отырып, кері байланыс орнатады, әсерлерін бөлісуін сұрайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бондаренко А.К «Дидактические игры в детском саду»-М.,1991г

  1. Эльконин Д.Б «Символика и ее функции в игре детей»// «Дошкольное воспитание»

3Бондаренко А.К Словесные игры в детском саду.-М.: Просвещение, 1974.

  1. Удальцов Е.И.Дидактические игры в воспитании и обучении дошкольников.-Мн: Издателство «Народная света», 1976.