Қаржы ресурстарын тарту түрлері мен қажеттілігін есептеу

Маникова Гульмира Орынбаевна

Арнайы экономикалық пәндер оқытушысы

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж


Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Тәжірибе сабағының материалын баяндау

Тәжірибе сабағының материалын бекіту

Білік-дағдыларды қалыптастыру

Үй тапсырмасы

Сабақтың қорытындысын шығару

Барлығы

3

25

30

20

5

3

4

90

Сабақтың типі: аралас.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын түріндегі тәжірибе сабағы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін кеңейтіп, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, білім деңгейлерін жетілдіру.

Дамытушылық: Бүгінгі күні оқушылардың экономикалық танымын және есептерді дұрыс шешу дағдыларын дамыту, өз ойларын анық және толық жеткізе білулеріне ықпал жасау, шығармашылық қабілеттерін және пәнді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Өзіндік ізденуге үйрету, өз ойларын еркін жеткізе білуге, еңбексүйгіштікке, үнемділікке, іскерлікке, тапқырлыққа, адамгершілікке, ұжымшылдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. 

Пәнаралық байланыс: «Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау», «Экономика негіздері», «Бухгалтерлік есеп негіздері»,  «Қаржылық есеп», «Аудит».

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тірек сызбасын қолданып оқыту, сұрақ-жауап, іскерлік ойындар жүргізу, топпен жұмыс, есеп тапсырмалары, ауызша жұмыс.

Көрнекілік: сызбалар, презентация, жетондар.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы, Экономика 2008ж.

2. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы, Экономика 2002ж.

Қосымша әдебиеттер:

3. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. (Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы). Алматы, Lem, 2007ж.

4. Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы. Практикум. Алматы, Экономика 2006ж.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, дәрісхананың сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру. Сабақ барысында оқушыларды екі топқа бөліп, топпен жұмыс жасау.

2.Үй тапсырмасын тексеру  

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар қол көтеріп жауап береді, қате болған жағдайда басқа оқушының түзетуіне және толықтыруына болады.

3. Тәжірибе сабағының материалын баяндау

Оқушылар тәжірибе сабағына берілген тапсырмаларды, қысқаша баяндама ретінде ұсынады (презентация).

4. Тәжірибе сабағының материалын бекіту

Тәжірибе сабағының материалдарын бекіту үшін оқушыларды екі топқа бөліп, тақтада ілініп тұрған қаржы ресурстарының түрлерінің артында берілген есептерді шығарып, сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтар мен есептерді дұрыс және жылдам шешіп, шешілу жолдарын түсіндіру керек.

5. Білік-дағдыларды қалыптастыру тақтада ілініп тұрған қаржы ресурстары түрлерінің қасыңа артықшылығы мен кемшілігін жазу, оны түсіндіру.

6. Үй тапсырмасы: Оқушыларға келесі тақырып бойынша бағыт беру.  

7. Сабақ қорытындысын шығару Жалпы бағалау бойынша жауаптарын санап, анықтап, бағалау. Осындай ойын сабақтары оқушы назарын аударып, ал ойынға түрткі болатын әр түрлі қызықты да тартымды материалдар олардың пәнге деген ынта-ықыласын арттырып, логикалық ой-өрісін дамытады.

Оқытушы: Маникова Г.О.

 

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, дәрісхананың сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру. Сабақ барысында оқушыларды екі топқа бөліп, топпен жұмыс жасау.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру  

Сұрақтар

1. Кәсіпорын қаржысы дегеніміз не?

2. Кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынасы неше және қандай топтан құралады?

3. Банктер мен өзге де несие институттары кәсіпорындарға қандай дәстүрлі емес қызмет түрлерін ұсынады?

4. Лизинг дегеніміз не?

5. Факторинг операциясы қалай жүреді?

6. Форфейтинг операциясының ерекшелігі неде?

7. Кәсіпорынның қаржылық қорлары?

8. Кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың және оны жетілдірудің басты бағыттары?

9. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау түрлері?

10. Кәсіпорынның қаржы ресурсы дегеніміз не?

11. Кәсіпорынды қаржыландыру дегеніміз не?

12. Қаржыландырудың «алтын ережесі»?

 

3.Тәжірибе сабағының материалын баяндау

Қаржы ресурстарынсыз бизнес жасау мүмкін емес, бірақ елімізде қаржы ресурстарын тарту біршама қиындықтар туғызады. Кәсіпорынның қаржы менеджментінің басты мәселесі – қаржы ресурстарын тиімді түрде жұмылдыра білу. Қолайлы қаржыландыру тізбесін таңдау қандай қиын екендігін суреттеп беру үшін ең кең тараған қаржыландыру көздерінің артықшылығы мен кемшілігін салыстырмалы түрде талдау керек.

 

Қаржы ресурстарын тарту түрлері

Тұтынушы (клиент)

Бағалы қағаздар

Өзін-өзі қаржыландыру

 

Мемлекет қолдауы

Бизнес қолдаушы

 

Несиелік қарыз

Коммерциялық несие

 

 

 

 

 

 

 

 

Инвестиция тарту

                                                                                                       

 

 

 

Оқушылар тәжірибе сабағына берілген тапсырмаларды, қысқаша баяндама ретінде ұсынады (презентация):

1) Өзін-өзі қаржыландыру – Тулюпова Г.

2) Коммерциялық несие- Ақылбекова А.

3) Несиелік қарыз – Қоңратбай Қ.

4) Бизнес қолдаушы – Жамалиева Н.

5) Мемлекет қолдауы – Хасенов Е.

6) Инвестиция тарту – Есекеев М.

7) Тұтынушы (клиент) – Әбілда Ә.

8) Бағалы қағаздар – Жиенбаева К.

 

 

 

 

4. Тәжірибе сабағының материалын бекіту арқылы қаржы ресурстарының қажеттілігін есептеу:

Өзін-өзі қаржыландыру – Кәсіпорынның сатып алған құралының қызмет ету мерзімі 10 жыл, бастапқы құны – 600 000 тг. жойылу құны – 130 000 тг. Т/к Амортизация сомасы мен мөлшерін:

Ас= 600000–130000= 470000:10 = 47000тг. Ам=600000-130000=470000, 600000*10=6000000, 470000/6000000 * 100% = 7,8%

Коммерциялық несие – Кәсіпорын басқа кәсіпорыннан 1 айға (30 күн) 1500000тг 12,2% қарыз алады, оны тек 35 күннен кейін ғана қайтарады. Т/к Кәсіпорынның толық көлемдегі қарызы қанша? 1500000*12,2%=183000/30*35=213500+1500000= 1 713 500тг 

Несиелік қарыз – Кәсіпорын банктен 2350400тг мерзімі 3 жыл 4 айға 16,7% қарыз алады. Т/к Кәсіпорынның банке қайтаратын қарызы қанша? 2350400*16,7%=392516,7 (1ж), 130838,9тг (4а), 1177550 (3ж)+130838,9+2350400=3 658 789 тг

Бизнес қолдаушы – Кәсіпорын мен бизнес қолдаушының келісімі бойынша, бизнес қолдаушы түсетін таза пайдадан 30% өз үлесін алады, егер кәсіпорын ағымды кезеңде 1700500 жалпы табыс алса, міндеттемелерінің сомасы 560800тг құраса, БҚ-ның табысы қанша? 1700500-560800=1139700*30%= 341 910тг 

Мемлекет қолдауы – Кәсіпорын 5300000тг мемлекеттік несиені 3 жылдан кейін 6413000 тг. қайтарады. Т/к пайыз мөлшерлемесі қанша? 6413000-5300000=1113000/3=371000/5300000*100=7%

Инвестиция тарту – Инвестицияның түрлерін ата? Соның ішіндегі тәуекелмен байласты түрін ашу.

Нақты, тікелей, портфелдік, аннуитеттік, венчурлік (тәуекелмен байланысты). 

Бағалы қағаздар – Кәсіпорынның бағалы қағаздар шығару мақсаты? Акция мен облигацияның айырмашылығы?

Мақсаты: ағымды кезеңде қосымша табыс табу. Акцияның мерзімі шексіз, облигация белгілі бір мерзімге шығарылады.

Тұынушы – Тұтынушыға сатудан түскен түсімді талдау, ең тиімді тоқсанды анықтау

Көрсеткіштер

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

1

Өндірілген өнім, дана

15000

20000

18000

2

Бір өнімнің бағасы, тг

600

600

600

3

Бір өнімнің өзіндік құны, тг

500

520

480

Жауабы

Көрсеткіштер

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

1

Табыс, тг

9 000 000

12 000 000

10 800 000

2

Өзіндік құн, тг

7 500 000

10 400 000

8 640 000

3

Пайда, тг

1 500 000

1 600 000

2 160 000

4

Табыстылық, % (рентабельность)

16,6%

13,3%

20%

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі Қс=[П-(г-і)*Д]/г

Кәсіпорынның пайдасы (П) -10000тг несиелік капитал сомасы (Д) 20000тг, орташа пайыздық мөлшерлеме (і) 0,2, активтер табыстылығы (г) 0,5. Осы шарттар орындалғанда меншікті капиталының қажеттілігі қанша? Жауабы 8 000 тг

Несиені ақша ағынымен орнын толтыру коэффициенті Кнот=(П+А-Дв)/(Д+З)

Қаржы есебі бойынша «Шымкентмай» АҚ таза табысы 846895 тг., жылдық амортизациясы – 86004 тг., дивидендтер төленбейді, ұзақ мерзімді несиелер 616196 тг., қысқа мерзімді несиелер 214832 тг., банктік емес мекемелерден алынған несие 106512 тг. Кәсіпорынның несие қайтару мүмкіндігін есепте? Жауабы 0,995% (несиеге қабілетсіз болып табылады, себебі 1-ден төмен)  

 

5. Білік-дағдыларды қалыптастыру топпен кезектесіп, тақтада ілініп тұрған қаржы ресурстары түрлерінің қасыңа артықшылығы мен кемшілігін жазу және оны түсіндіру.

 

6. Үй тапсырмасы: оқушыларға келесі тақырып бойынша бағыт беру. 

 

 

7. Сабақ қорытындысын шығару жалпы бағалау бойынша жауаптарын санап, анықтап, тиісті бағаларын қою.