Алдағы жыл – Жастар жылы болмақ

Ләбиханов Нұрсейіт Бекжанұлы

Преподаватель информатики

ГККП «ИНДУСТРИАЛЬНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

  «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді  қайта түлетуіміз керек» деген еді. Қандай керемет өсиет!

Міне, Елбасымыздың осындай  рухани санамызды оятар небір жүрек тебірентетін насихаттарға толы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласының жарияланғанына  екі жылдың жүзі болды.  Содан бері Шымкенттегі индустриалды-техникалық колледжде  уақыт, бағдарлама талабына сай  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп келеді.

 Мәселен, 2018 жылдың 8 желтоқсаны күні колледждің «АЭ 18-11к», «АЭ 18-12к», «ЭВ 18-30к»  және «ЭВ 18-31к»  оқу топтарының 100 студенті “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Алтын адам” кіші жобасы аясында  оқу-өндірістік шеберлері Б.Беккулиев, Р.Хаджиев, Г.Сейсенгалиева және М.Есимхановалардың жетекшілігімен қаладағы Тарихи өлкетану мұражайы мен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына арнайы экскурсия жасап, үлкен әсермен оралды.

Шымкент қаласы  Білім басқармасының 29.10.2018ж. №1018525/7 хатын басшылыққа ала отырып, 2018 жылдың 30 қазанында  «КП 18-31к»  оқу тобының студенттері өндірістік-оқыту шебері Р.Жалымбетовтің жетекшілігімен “Жастар ресурстық орталығында” “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Отанды сүю  –  иманнан” атты жас термешілер байқауын тамашалап қайтты.

 Ал 2018 жылдың 25 қазанында  өз колледжіміздің кітапханасы  залында “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Кітап – білім бұлағы” кіші бағдарламасы аясында “Вооксrossing” кітап алмасу жобасы негізінде оқу орнының студенттері жастар істері жөніндегі инспектор Б.Төлебектің ұйымдастыруымен кітапханаға көптеген оқулықтар мен құнды кітаптар әкеліп, кітапхана қорын толықтырды. Букроссинг іс-шарасы студенттердің кітап оқуға ынтасын арттырып, әртүрлі саладағы әдебиеттермен танысуға мол мүмкіндік берері сөзсіз.

2018 жылдың 21 қыркүйегінде колледждің мәжіліс залында “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсесінің Астана қаласындағы ҚР Президенті Әкімшілігіне берген жүйелік кестесіне сәйкес, ауқымды іс-шаралардың жоспары негізінде “Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!” атты іс-шарасы болып өтті.

 “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аталмыш  іс-шараны оқу орнының филологиялық пәндері ЦК оқытушылары өткізді.

 Мақсаты: жастарды қазақ тілінің мәртебесі мен бай мұраларын насихаттау арқылы саналарын жаңғырту. Және,  Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің де тіліне құрметпен қарап, толеранттылық пен жасампаздықты ту етіп – жандануға жол ашу. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу процесіне студент жастардың филологиялық білімі мен дағдысын жетілдіру арқылы бәсекеге қабілетті, сананың ашықтылығы кең етек жайған және де білімнің жаппай салтанат құруына дайын өскелең ұрпақты тәрбиелеу және қалыптастыру болып табылады. “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жүзеге асуына өз ықпалын жасаған аталмыш іс-шара жобалық кеңсе тарапынан жоғары бағаланды.

 Сондай-ақ, 2018 жылдың 28 сәуірі күні біздің индустриалды-техникалық колледждің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Саналы азамат» базалық бағытының «Кітап – білім бұлағы» кіші жобасы аясында үздік оқырмандарды анықтау мақсатында «Лидер Reader ON» байқауы өткізілді.

 Өте тартымды және мәнді байқаудың барысында әділ де тиянақты жұмыс жүргізген қазылар алқасы,  яғни,  колледж оқытушылары Дүйсебаева А.С, Есимбекова Н.Б, жастар істері жөніндегі инспектор Б.Төлебек, кітапхана меңгерушісі Л.Федяевалардың ұйғаруымен оқырмандар арасынан 13 студент үздік болып анықталды. Олардың суреттері  арнайы тақтада  ілінді және байқауды қорытындылаған Б.Төлебек жеңімпаздарды колледж директоры, э.ғ.д.,профессор Т.Исахметовтың арнайы мадақтамаларымен марапаттады.

 

Бір ай бойы кітапханадан өз тақырыптары бойынша дайындалып, кітаппен дос бола білген үздік 13 оқырманның ішінде ерекше көзге түскен  – «АЭ 17-31к» оқу тобының студенті Саят Ерхан, «ТК 17-30 к» оқу тобының студенттері Ілесбай Бекарыс, Рүстем Нышанбек және «КП 17-31к» оқу тобының студенті Сапаралиев Ержанның есімдерін мақтанышпен атауға болады. Алдағы жылды Елбасымыз  «Жастар жылы» болады деп айтқан болатын. Ендеше, рухани жаңғыру бағдарламасына орай жүргізлетін жұмыстар бұдан да  ауқымды, мәнді, маңызды бола түсері анық.